Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте екі азамат індеттен көз жұмды. Тұрғындар арасында вирус жұқтыру асқынып барады
18:56 / 2020-07-05

5 шілде күні Ташкент қаласының екі тұрғыны бірі 71 жастағы әйел кісі, екіншісі 45 жасар ер азамат коронавирустан қаза болған


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 5 шілде күні Ташкент қаласының екі тұрғыны бірі 71 жастағы әйел кісі, екіншісі 45 жасар ер азамат коронавирустан қаза болған. Екі азаматта 30 маусым күнгі өкпе қабыну салдарынан пневмония диагнозымен қалалық емхананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жедел медициналық көмек пен реанимациядағы қолданылған әрекеттерге қарамастан, науқастар жүрек-тамыр және өкпе қабынуынан қайтыс болғандығы айтылады хабарламада.

2020 жыл 5 шілде күнгі сағат 17:00 уақытымен елде коронавирустан қаза болғандар 33-ке жеткен. 9936 кісіде індет расталған, содан қазіргі кезде 6446 жан емделіп щыққан.