Ташкентте дзюдодан Әлем чемпионаты басталды
2022 жылдың 6-13 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді.
Дүбірлі додаға әлемнің 82 елінен 570-тен астам дзюдошы қатысатын болып, олар 14 салмақ дәрежесінде медальдар үшін бақ сынайды. Кеше жеребе тарту рәсімі өтті.
Бүгін басталатын жарыс аясында боз кілемде -60 келіге дейін ерлер және -48 келі салмақтағы әйелдер күреседі.

Жекелік сайыстар 12 қазанға дейін жалғасса, ал командалық жарыс 13 қазанда өтеді.
Ташкенттегі «Хумо Арена» мұз сарайында өтетін байрақты бәсеке Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылуда.