Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «Diplomat university» атты жеке университет ашылады
17:12 / 2021-02-23

Ташкентте «Diplomat university» атты жеке жаңа жоғары оқу орны ашылатын болады.

Нормативті құжаттар порталында, «Diplomat university» үкіметтік емес жоғары оқу ордасын ашу жөнінде Үкімет қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қаулы жобасына сәйкес, университеттің оқу бағдарламасы Өзбекстандағы және әлемдегі жетекші шетелдік университеттердің оқу бағдарламаларымен үйлесімді түрде жасалады. Оқу процесінде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары, ғалымдары мен мамандар шақыртылады. Университет оқытушылары шетелдік беделді жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде тағылымдамадан өтуге кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін жіберіледі.

Онда айтылуынша, «Diplomat university» ЖОО-ға «The times higher education» TOP-1000 рейтингіне кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының Өзбекстандағы филиалдарын ашу құқығы берілетін болады.

Университетте оқыту өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде кредиттік жүйеге негізделген күндізгі, қашықтықтан (онлайн) және кешкі оқыту түрінде жүзеге асырылады.

  • экономика, ақпараттық технологиялар, құқық, халықаралық қатынастар саласында білім беру;
  • бітірушілерге елдегі жоғары білім туралы құжат ретінде танылған диплом табысталады;
  • оқу жоспарының белгілі бір талаптары мен шарттарына сәйкес келетін студент оқу бітіргеннен кейін екі мамандық бойынша (double major) немесе негізгі және сабақтас мамандықтар бойынша (major+minor) диплом ала алатындығы расталады. 

Үкімет шешіміне сәйкес университет Ташкентте жұмыс өз қызметін жолға қояды, 2022 жылдың 1 тамызына дейін барлық салық түрлерінен босатылады.