Ташкентте «Декларациялар диалогы» форумы өтуде
Ташкент қаласында өтіп жатқан «Декларациялар диалогы» форумының ашылу салтанатында елдегі және шетелдің сарапшылары конференцияның өзектілігі туралы өз пікірлерін білдірді.
ӨР Олий Мажлиси Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары, Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің ректоры Содик Сафаев халықаралық қауіп-қатер күшейіп тұрған заманда бұл форумның маңыздылығына тоқталды.
АҚШ Жаһандық ықпалдастық институтының вице-президенті Джеймс Чен жиынға қатысушыларды құттықтай тұрып, әлемдік қауымдастықтың дін және сенім саласындағы жетекші сарапшыларының Ташкентте бас қосуы проблемаларды шешуде бар күштер мен мүмкіндіктерді біріктіруге қызмет ететінін айтты.
[gallery-7106]
Сонымен қатар, ол соңғы жылдары Өзбекстанның бұл бағыттағы практикалық күш-жігері дүние жүзінде мойындалып отырғанын қосымша етті.
Конференция жалғасуда.
Ғайрат ХОННАЗАРОВ, Аъло АБДУЛЛАЕВ(сурет), ӨзА