Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте дәрігер коронавирустан қаза тапты
19:08 / 2020-06-28

Марқұм карантиндік аймақта індет жұқтырып аурыған Ташкенттік дәрігер болған


Өзбекстанда 28 маусым күні коронавирустан 21-ші науқастың өлімі тіркелді, ол карантиндік аймақта індет жұқтырған Ташкенттік дәрігер.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Ташкент қаласы медициналық бірлестігінің дәрігері А.У. осы жылдың 14 маусымынан бастап Ташкент облысы Жоғары-Шаршық ауданындағы карантиндік орталығында азаматтарға медициналық қызмет көрсетуді бастаған болып, 23 маусым күні оның жағдайы нашарлаған. Сондан кейін науқасты эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының клиникасына жедел миокард инфарктісі диагнозымен жатқызылған.

Ал 26 маусым күні дәрігер науқастың жағдайы күрт нашарлап реанимация бөліміне ауыстырылған. Науқасты емдеу кезінде оның күнделікті жағдайын елдегі осы салаға мамандандырылған медициналық мекемелердің мамандары бірнеше рет тексерістен өткізген. Алайда, жалпы стандарттар негізде жасаған реанимациялық процедураларға қарамастан, науқас миокард инфарктісінен, жедел тыныс алу және жүрек-тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды, делінген министрлік хабарында.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда вирус расталған жағдай 7813-ке жетіп, оның 5248 емделіп шыққан. Өкінішке орай 21 жан індеттен көз жұмған.