Ташкентте COVID-19 індетін жұқтырған науқас қаза тапты
Науқас созылмалы бронхит, өкпенің оң жақ ателектазы және гипертония ауруымен карантинге жатқызылған еді
2020 жыл 7 сәуірде Ташкент қаласының тұрғыны болған 77 жасар әйел азаматша созылмалы бронхит, өкпенің оң жақ ателектазы және гипертония ауруымен карантинге жатқызылған болып, жедел тексеріс нәтижесінде диагностикалық сараптама науқаста COVID-19 індетіне шалдыққанын көрсеткен.
Осы жағдайдан кейін оған мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Ташкент медициналық академиясының көпсалалы клиникасына жіберілген. Бірақ ондағы орталықта вирусолог, пульмонолог, терапев, кардиолог, реаниматологтардың стандартқа сәйкес жүргізген жедел реанимациялық емдеуіне қарамастан, науқас бүгін осы індеттің асқынуынан: екі жақты бронхопневмонияның ауыр өтуі нәтижесінде, терең тыныс жетіспеушілігі және өкпенің ісінуінен қайтыс болды, делінген Денсаулық сақтау минитсрлігінің хабарында.
Коронавирусқа байланысты ел аумағындағы соңғы дерекке сай, науқастар саны 1490 кісіге жеткен. Олардың 194-і емделіп шыққан болса, 5 кісі қаза болған.
Бүгін Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін енгізілген карантиндік шектеу шаралары және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген тәртіп 2020 жылдың 10 мамырына дейін ұзартылды.