«Caspian Energy Club» - бұл Каспий-Қара теңіз және Балтық жағалауында жұмыс істейтін, әлемнің 50 елінен 5 мыңнан астам компаниялар мен кәсіпорындарды біріктіретін, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстанда ресми кеңселері бар ірі аймақтық ұйым.
Атаулы клубт мүшелері Өзбекстанмен кең ауқымда ынтымақтасуға ниет білдірді. Бұл туралы «Caspian Energy Club» төрағасы Тельман Әлиев бастаған делегациямен кездесуде айтылды.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде өткен шарада ақпараттық-коммуникация, фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды көздейтін ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесуде, Өзбекстанда шетелдік инвесторлар үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар туралы презентация жасалып, кәсіпкерлердің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігі баса айтылды.
«Caspian Energy Club» пен Өзбекстанның Шетелдік инвестицияларды ынталандыру агенттігінің қатысуында бірлескен жобаларды құру туралы тұрақты түрде конференциялар өткізу және Әзірбайжан IT-компаниялары мен тоқыма өндірісі кәсіпорындарының делегациясының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру жайлы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ ақпараттық ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланып, онда әлемнің 19 елінде шығатын, таралымы 50-70 мың дананы құрайтын «Caspian Energy» журналында Өзбекстанның инвестициялық әлеуетін насихаттауға келісілді.
Кездесу соңында серіктестікті кеңейтуге екі жақтың мүдделілігі мақұлданды. Өңірлік іскер топтардың республикамызда кәсіпкерлік қызметті жолға қоюға қызығушылығының артуына байланысты Ташкент қаласында «Caspian Energy» өкілдігін ашу қажеттігі расталды.Учрашув якунида шерикликни кенгайтиришдан ўзаро манфаатдорлик маъқулланди. Минтақа ишбилармон доираларининг республикамизда тадбиркорлик фаолиятини йўлга қўйишга қизиқиши ортиб бориши муносабати билан Тошкент шаҳрида “Caspian Energy” ваколатхонасини очиш зарурлиги тасдиқланди.