Ташкентте «CAFA Nations Cup – 2025» турнирі өтеді
30 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Өзбекстанда Орталық Азия футбол қауымдастығы ұйымдастырған «CAFA Nations Cup» халықаралық турнирі өтеді.
Мәдени-спорттық мерекеге айналатын бұл доданың басты аренасы жаңа бой көтерген «Олимпия» стадионы болмақ.
Биылғы жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Оман, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан және Үндістан құрамалары қатысады. Қатысушы командалар екі топқа бөлінді:
- «А» тобы: Өзбекстан, Оман, Түркіменстан және Қырғызстан;
- «B» тобы: Тәжікстан, Иран, Үндістан және Ауғанстан.
Темур Кападзе жаттықтыратын Өзбекстан құрамасының барлық кездесулері «Олимпия» стадионында өтеді. Қалған ойындар Ташкенттегі «ЖАР» стадионында ұйымдастырылады.
Ойындар күнтізбесі
30 тамыз
- Қырғызстан – Түркіменстан («ЖАР», 17:00)
- Өзбекстан – Оман («Олимпия», 19:30)
2 қыркүйек
- Оман – Қырғызстан («ЖАР», 17:00)
- Түркіменстан – Өзбекстан («Олимпия», 19:30)
5 қыркүйек
- Түркіменстан – Оман («ЖАР», 17:00)
- Өзбекстан – Қырғызстан («Олимпия», 19:30)
Бұл турнир Ташкент төрінде футбол мерекесін қалыптастырып, аймақтағы елдердің достық қарым-қатынасын нығайта түсуге қызмет етеді.