Ташкентте «CAFA Nations Cup-2025» турнирі басталды
Өзбекстан ұлттық құрамасы «CAFA Nations Cup-2025» турниріндегі алғашқы кездесуін Оманға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең ойнады.
Өзбекстан ұлттық құрамасы «А» тобында. Бұл топта Қырғыз Республикасы, Оман және Түркіменстан құрамалары бар.
Айта кетсек, Өзбекстан ұлттық құрамасы екінші ойынын 2 қыркүйек күні Түркіменстанға қарсы өткізсе, соңғы турда 5 қыркүйекте Қырғызстан құрамасына қарсы алаңға шығады..
«В» тобында да екі кездесу өтті: онда Иран құрамасы Ауғанстанды 3:1 есебімен жеңді, ал Үндістан Тәжікстан арасындағы кездесу 2:1 есебімен Үндістан жеңісімен аяқталды.
[gallery-25074]
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА