2023 жылдың 22-28 мамыр күндері Ташкент қаласында «Еуразия» театр өнері фестивальі өтеді.
Фестиваль Өзбекстан Министрлер Кабинетінің «Еуразия» халықаралық театр өнері фестивалін өткізу шаралары туралы» қаулысына сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Үкіметтің қаулысымен Өзбекстан Мәдениет және туризм министрлігі және Театр әртістері қауымдастығының бұл фестивальді өткізу туралы ұсынысы мақұлданып, құжатқа сәйкес, бұл халықаралық театр өнері фестивальі Ташкентте екі жылда бір рет өтеді.
Фестиваль шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді және жаңа таланттарды ашуға қызмет етеді. Конференция аясында түрлі халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға және жаһандық ауқымдағы шығармашылық ынтымақтастық аясын кеңейтуге қызмет ететін сахна өнерінің қазіргі үдерістері талқыланады. Сонымен қатар, фестиваль аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу жоспарлануда.