Ташкентте бір тәулікте 70 азаматта коронавирус анықталды
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 12 наурыз күнгі жағдай бойынша 80 481 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 89 азаматтан індет анықталып, оның 70-і Ташкент қаласында тіркелген. Осы күні 68 науқас сауығып шыққан және бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандар жалпы көрсеткіші 79 145 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 714 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 148-нің жағдайы ауыр, ал 27 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.