Фоторепортаж
Ташкент қаласындағы «М.Ұлықбек» атындағы саябақта дәстүрлі бұқаралық йога фестивалі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адҳам Икрамов пен Үндістанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Смита Пант қатысып, йоганың адамның дене мен сана үйлесімділігін арттырып, жалпы денсаулық пен рухани дамуға ықпал ететінін атап өтті.
[gallery-23991]
Фестиваль 2019 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде йогамен айналысушылар қатары артып, елдің түрлі өңірлерінде арнайы клубтар ашылған.
Аталған йога клубтарының спортшылары биыл 25–27 сәуір аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен екінші Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш Өзбекстанда йога спортының жүйелі түрде дамып келе жатқанын айқын дәлелдейді.