Ташкентте бокстан құрлықтық чемпионат өтеді
20-30 қаңтар аралығында Ташкент қаласында 22 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар дайындық көірп жатқан турнирге Азия құрлығының 20 жуық елінен 200-дей боксшы қатысады.
Бұл жарыс Азиядағы осы деңгейдегі алғашқы турнир болып, ол Ташкент қаласындағы «Универсал» спорт сарайында өтеді. Сайыстар кезінде ерлер арасында 13, қыздар арасында 12 салмақ дәрежесінде жекпе- жек ұйымдастырылады.