Ташкент қаласында әйгілі С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік кинематография институтының (ВГИК) филиалы ашылды.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының 28 тамыздағы жарлығымен Ташкентте С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының филиалы ашылды.
Хабарламаға сай, филиал студенттерге білім беру процесін 2021/2022 оқу жылынан бастайды. Оқу процесі Кинематография агенттігімен келісе отырып институт бекіткен оқу жоспары негізінде орыс тілінде оқытылады, сонымен қатар өзбек тілі мен Өзбекстан тарихы сабағы өтіледі.
Драматургия мен продюсерлік (түрлері бойынша) - филиалдың негізгі оқу бағыттары мен мамандықтары болып табылады және мұнда оқу күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқытылады.
Түлектерге Өзбекстанда жоғары білім деп танылған Ресейдің мемлекеттік үлгідегі ВГИК дипломы беріледі. Филиалда мемлекеттік грант негізінде оқыған түлектер 5 жылдан кем емес мерзімде міндетті жұмыс өтеу шартымен кинокомпаниялар, телерадиокомпаниялар немесе кино мен телевидение саласындағы ұйымдарға орналастырылады.