Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Бүкіләлемдік жастар құқығы бойынша конференция өтеді
11:03 / 2021-08-10

2021 жылдың 12-13 тамызы аралығында Ташкент қаласында Бүкіләлемдік жастар құқығы бойынша конференция өтеді.

Халықаралық конференция Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің БҰҰ-да Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46 -сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған және халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болған бастамасымен ұйымдастырылуда.

ӨР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемдік конференция аралас, яғни офлайн және онлайн түрінде өтеді. Ашылу салтанатында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет, БҰҰ жастар істері жөніндегі Бас хатшысы Джаятма Викраманаяке, Парламентаралық одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонг, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Мария Шмидт және басқа да халықаралық көшбасшылар сөз сөйлейді деп күтілуде.

Бүкіләлемдік жастар құқығы конференциясы «Жастарды жаһандық қозғалыстарға тарту» тақырыбына арналған болып, оған қатысуға 30 -дан астам ел мен халықаралық ұйымдардың 500 -ден астам өкілі қызығушылық танытқан.

Бүкіләлемдік конференцияны өткізуден негізгі мақсат:

  • COVID-19 пандемиясы жағдайында БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын, сондай-ақ Ұлттық тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруда жастардың рөлін талқылау;
  • жастардың құқықтарын тиімді қорғау және олардың азаматтық-саяси белсенділігін қолдау туралы пікір алмасу;
  • білім алу, жұмысқа орналастыру және жастарға сапалы медициналық қызметке қол жеткізу бойынша қажетті шараларды әзірлеу;
  • жастар арасындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, халықаралық және ұлттық деңгейде жастардың қызметін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
  • жастардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы халықаралық және аймақтық құралдары мен механизмдерін жалпылау сияқты мәселелер жан-жақты талқыланады.