Ташкентте Беларусь-Өзбекстан аграрлық форумы өтеді
Осы форумға Беларуссиядан 80-нен астам кәсіпорындар мен ұйымдардың 150-ге жуық өкілі қатысады
25-26 ақпанда өтетін форумға ауылшаруашылық тауар өндірушілері, қайта өңдеушілер, бөлшек саудагерлер, түрлі жабдықтар мен технологиялар жеткізуші кәсіпкерлер, инвесторлар, дизайнерлер және өнеркәсіптік университеттердің өкілдері қатысады.
Осы форумға Беларуссиядан 80-нен астам кәсіпорындар мен ұйымдардың 150-ге жуық өкілі қатысады және форум аясында Беларусь пен Өзбекстан өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынады. Сондай-ақ, қатысушылар ауылшаруашылық машина жасау, мал шаруашылығы және сүт өндірісі, өндірісті жобалау мен салу, ет және сүт өндірісінде энергия үнемдейтін ресурстарды пайдалану саласында тәжірибе алмаспақ.