Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті
10:21 / 2024-02-04

Ташкент қаласындағы «Юнусабад» спорт кешенінде ауыр атлетикадан Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Ересектер арасындағы бұл турнирге Азияның 34 елінен 250-ге жуық зілтеміршілер жиналған.

Ашылу салтанатына Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мухаммад Джалуд, Өзбекстан Республикасының Спорт министрі Адхам Икромов, Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, спорт министрінің орынбасары Шахрулло Махмудов, Өзбекстан ҰОК хатшысы Айбек Қасимов, сондай-ақ IWF және Азия ауыр атлетика федерациясының ресми өкілдері қатысты.

[gallery-15777]

Атаулы турнир Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына рейтингтік ұпайлар береді.

Азия чемпионаты 10 ақпанға дейін жалғасады.

суреттерді түсірген Мухаммад АМИН, ӨзА