Ташкентте «Қазақстан өнері» атты Қазақ елінің суретшілері көрмесі өтті
Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнері туындылар көрмесі алғаш рет өтті
Бүгін Өзбекстан бейнелеу өнері галереясында «Қазақстан өнері» атты Қазақстанның суретшілері көрмесі өтіп, ондағы шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мырза қатысты.
Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында өтіп жатқан шаралардың бірі ретінде өткен бүгінгі шараның ерекшелгі, Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнері туындылар көрмесі алғаш рет өтіп жатқандығымен өзгешеленді.
Көрме экспозициясында Қазақстан суретшілерінің жалпы 38 автордың 111 шығармасы Ташкенттік сурет сүйер қауымға ұсынылып, ондағы бойаулардың өзгеше сарыны мен қайталанбас кескіндері көрмеге келген Өзбек суретшілерінің көңілінде бір ой тулаттып, санасында өзгеше шабыт оятқан болса ғажап емес.
Назарларыңызға, көрмедегі портреттер мен сурет сүйер қауымның фотоға таспаланған кескіндерін ұсынамыз.








Нұрғиса Камалбек
суреттерді түсірген Т. Мамадаминов