Ташкентте «Автокөліксіз күн» шарасы өтеді
2023 жыл 28 сәуірде Ташкент қаласында «Автокөліксіз күн» шарасы өтеді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, шараның маңыздылығы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортадағы тұрақтылықты сақтау, улы газдардың табиғатқа таралуын барынша азайту.
«Автокөліксіз күн» шарасы Ташкент қаласының кейбір аудандарында өтеді. Оның аясында жеке көліктердегі қозғалысты азайтуға, қоғамдық көлікті пайдалану мен велосипед пен жаяу жүрудің артықшылықтарын халық арасында насихаттауға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.