Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Ауғанстанның уақытша үкіметімен трансауған темір жол құрылысының жобасы талқыланды
13:24 / 2021-12-10

Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Пәкістан өкілдері Ауғанстанның уақытша үкіметімен «Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» трансауған темір жолын салу жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.

Өзбекстан темір жол баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшжақты (Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан) және көпжақты (Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Ауғанстан, Пәкістан) жүргізілген келіссөздер барысында тараптар жақын арада ұсынылған теміржол желісін салу жобасын салынар орнындарға барып зерделеуге, тұрақты жұмыс тобының отырыстарын өткізуге және бастапқы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлегеннен кейін жобаға халықаралық қаржы институттарын тартуға келісті.

Сонымен қатар тараптар бұл жобаның көршілік қарым-қатынасты нығайтудағы, халықаралық көлік коммуникациялары мен саудадағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы байланысты тереңдетудегі маңыздылығына тоқталған.