Ташкентте Ауғанстан бойынша халықаралық конференция өтеді
2022 жылдың 25-26 шілде күндері Ташкент қаласында 20-дан астам мемлекет пен халықаралық ұйым делегацияларының қатысуымен Ауғанстан бойынша халықаралық конференция өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Ауғанстандағы тұрақтылық, қауіпсіздік, соғыстан кейінгі қалпына келтіруге көмектесу, көпұлтты ауған халқының және бүкіл әлемнің игілігі үшін осы елдің аймақтық ынтымақтастық үдерісіне ықпалдасу мәселелері бойынша әлемдік қауымдастықтың көзқарасы бойынша кешенді шара мен ұсыныс әзірлеу болып табылады.
Атаулы конференция «Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық және аймақтық әріптестік» тақырыбында 2018 жылғы 27 наурызда өткен Ауғанстан бойынша жоғары деңгейдегі Ташкент халықаралық конференциясы және 2021 жыл 15-16 шілдеде өткен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара тәуелділік. Қауіптер мен мүмкіндіктер» тақырыптарында Ташкент халықаралық конференциясының логикалы жалғасы болып табылады.