Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте атақты «ВГИК» институтының филиалы ашылады
14:48 / 2020-12-17

Ташкентте Бүкілресейлік кинематография институтының филиалы ашылатын болды. Бұл туралы Өзбекстанның ұлттық киносына арналған мәдени мұра конгресінің үшінші күнінде айтылды.

«Өзбеккино» ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, конгресс барысында ВГИК ректоры Владимир Малишев пен Өзбекстанның Ресейдегі елшісі Ботиржан Асадов бірлескен бейнеконференция өткізіп, қатысушыларға бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Ұлттық кинематографияға арналған конгресс күні аясында шетелдік қонақтар - Валдис Пельш, Жахонгир Файзиев, Александр Кессель - Өзбеккино компаниясымен бірлескен жобалар таныстырылымы, шығармашылық кездесулер, фотокөрме және «Фариданың екі мың әні» фильмінің премьерасын ұсыну жоспарланған.

Сондай-ақ шарада сөзге шыққан «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің басшысы Фирдавс Абдухолиқов 1968 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Ташкент халықаралық кинофестивалі» өз жұмысын қайта бастайтынын мәлімдеді.

Ташкент халықаралық кинофествалі аз уақыт ішінде Азия аймағынан сырт Африка және Латын Америкасы елдерінің кинематография майталмандары арасында танымалдылыққа ие болған. Оның ең кейінгі фестивалі 1997 жылда өткен.