2021 жылдың 7 қаңтары күні Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен театр алдындағы алаңда ашық аспан астындағы мұз айдыны ашылады.
«Ашық аспан астындағы мұз айдыны» жобасы Ташкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті және «Art Uz Promotion» агенттігі жүзеге асыруда. Мұз айдынын ашудан мақсат - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау.
Бір ай көлемінде ташкенттік тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлайтын мұз айдынының ашылуында Ресейлік коньки жұлдызы, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин өзінің «Қыс» бағдарламасымен қатысады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, мұз айдынында концерттік шаралар өтіп онда «Dance Music Fest Winter», «Iosis Fest», «Tashkent Rap Festival» қойылымдары мен хоккейден жасөспірімдер чемпионаты, мұзды би шоуы сияқты салтанатты шаралар ұйымдастырылады.
[gallery-680]
Алаңға келушілер үшін мұз айдыны қасында шаңғы мен басқа мұзда тебетін керек-жарақтар жалға беру қызметі жұмыс істейді.