Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілімен кездесу өтті
15:50 / 2022-05-27

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Уэстпен кездесті.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Америкалық тарап Өзбекстан басшылығының Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру, ауған халқына гуманитарлық және басқа да көмек көрсету бойынша жүргізіп отырған саясатына жоғары баға берді.

Тараптар ауған халқын қолдау бойынша халықаралық күш-жігерді үйлестіру және жүйелеу қажеттігін атап өтті. Осы орайда Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін Термезде құрылған көпфункционалды көлік-логистикалық хабты пайдаланудың маңызды екені айтылды.

Ауғанстанның жаңа үкіметі кең өкілдікке негізделген үкімет құру, адам құқықтарын, әйелдердің негізгі бостандықтарын, соның ішінде білім алу, жүріп-тұру, қоғам өміріне тең қатысуын сақтау, әлемдік қауымдастықтың талаптарын орындаудағы елдеріміздің көзқарасы ұқсас екені сөз болды.

Кездесуде, Ауғанстан жері енді ешқашан әртүрлі халықаралық лаңкестердің баспанасына айналмауы, аймақ елдері мен үшінші елдерге қауіп төндірмеуі керектігі баса айтылды.

Ауғанстанның ұлттық экономикасын қалпына келтіруге кешенді тәсілді әзірлеудің, сондай-ақ елде энергетика және көлік-коммуникация саласындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.