Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте американдық фотографтың жеке фотокөрмесі ашылды
08:37 / 2023-10-27

Ташкенттегі Орал Таңсықбаев мұражай-үйінде белгілі фотограф Игорь Портонның жеке фотокөрмесі ашылды.

Игорь Ташкентте дүниеге келген. Ол мектеп кезінен бастап суретке қызығушылық танытып, әкесі оған 10 жасында фотоаппарат сыйлайды. Содан кейін ол фотосурет үйірмесіне қатыса бастады. Қызығушылығы оны журналистика саласына жетеледі.

Тағдырдың тәлкегімен оның отбасы Америкаға қоныс аударды. Онда да Игорь камераны тастаған жоқ. Ол Нью-Йоркта фотосуретке мамандандырылған институтта білім алып, компьютерді жақсы меңгереді. Мәскеу, Нью-Джерси, Сан-Франциско, Санкт-Петербург, Ереван сияқты көптеген қалаларда жеке фотокөрмелерін өткізеді.

Игорь Портон қазіргі уақытта Калифорниядағы өзбек мәдени орталығында фототілші болып жұмыс істейді. Жергілікті «Кстати» газетінде фототілші қызметін де бірге атқарады.

– Мен Ташкентте өмір сүрген жылдарымды сағына еске аламын. Әкемнің еңбек жолында түсірген фотосуреттері мен негативтерін әлі күнге дейін сақтаймын. Ташкентті еске түсіретін бұл жәдігерлер мен үшін баға жетпес. Өзбекстанда фотокөрме ұйымдастыру менің арманым еді. Бүгін мен мақсатыма жеттім, – дейді фотограф Игорь Портон.

[gallery-14165]

Америкалық фотографтың жеке фотокөрмесі 1 қарашаға дейін жалғасады.

суреттерді түсірген Мухаммад АМИН, ӨзА