Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте алғашқы рет экологиялық технологиялар көрмесі өтеді
12:13 / 2025-05-06

19–21 маусым күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласы жасыл инновациялар орталығына айналмақ. Central Asian Expo (CAEx) көрме кешенінде тұңғыш рет Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық экологиялық технологиялар көрмесі ұйымдастырылады.

Eco Expo Central Asia 2025 – экологиялық технологиялар, тәжірибелер мен шешімдер алмасуға арналған аймақтағы алғашқы мамандандырылған платформа болмақ. Мұнда экологиядағы жасанды интеллекттен бастап суды үнемдеудің инновациялық тәсілдеріне, жасыл энергиядан экотуризмге дейінгі түрлі шешімдер таныстырылады.

Көрмеге Түркия, Қытай, БАӘ, Жапония, Корея Республикасы, Сауд Арабиясы, Германия секілді 25-тен астам елден қатысушылар келеді. Бұл – Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған халықаралық ауқымды экоқозғалыс.

Іс-шара Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен жарияланған «Қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономика жылы» аясында Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлік тарапынан ұйымдастырылып отыр.

Eco Expo көрмесі қатысушылар үшін өздерінің жасыл бастамаларын көрсетуге, жаңа нарықтарға шығуға, әріптестік байланыстар орнатуға, экологиялық инновациялардан шабыт алуға және жаһандық экотрендтің бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік береді. Көрме аясында бизнес кездесулер, таныстырылымдар, сарапшылар панельдері, сондай-ақ стартаптар мен экологиялық жобалар көрсетілімдері өтеді.

Көрмеде Өзбекстанның жасыл жобалары кеңінен таныстырылады: тұрақты тәжірибелерді ендіріп жатқан министрліктер мен мекемелер, экологиялық ойлауды қалыптастырып жатқан өндірістік оқу орындары, экотуризм бағытындағы туристік нысандар және басқалар. Негізгі назар аударар жайттар: жасыл қалалар, таза технологиялар (clean-tech), экоқаржы, қорғалатын табиғи аумақтар, жасыл көлік пен абаттандыру.

Негізгі көрмеден бөлек, қонақтар үшін сала мамандарының баяндамалары, Өзбекстанның табиғи мұрасына арналған бейнероликтер мен фотокөрмелер, ел экологиясына қатысты деректі фильм көрсетілімі мен табиғат пен адам үйлесімін бейнелейтін көркем өнер туындылары ұйымдастырылады.

Eco Expo Central Asia 2025 – Орталық Азиядағы ең ірі экологиялық бастамалардың бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Үш күндік көрме өңірдің экологиялық күн тәртібін жаңа деңгейге көтеріп, тұрақты әрі экологиялық таза технологиялар саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға жол ашады.