Ташкентте алғаш рет велотрек бойынша Азия чемпионаты өтеді
Өзбекстанда велотрек бойынша Азия чемпионаты өтеді. Азияның ең үздік трекшілері Ташкенттегі Олимпиада қалашығындағы заманауи велотрек кешенінде шеберліктерін сынайтын болады.
Азия велоспорт конфедерациясының басқарма кеңесі континенттің ірі жарыстарын қабылдайтын елдерді жариялап, Ташкенттің 2028 жылы трек бағытындағы Азия чемпионатына иелік ететінін хабарлады.
Атаулы турнир тек Азия чемпионын анықтау емес, сонымен қатар Лос-Анджелес-2028 жазғы Олимпиада ойындарына рейтинг ұпайларын жинаудың маңызды алаңы болады.