Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте алғаш рет түркітілдес елдердің «Бауырластық өнері» форумы өтеді
12:49 / 2023-09-30

30 қыркүйекте «Узбекфильм» киноүйінде Түркітілдес елдердің (Түрксой) кинопродюссерлерінің қатысуымен XV Ташкент халықаралық кинофестивалі аясында «Бауырластық өнері» форумы өтеді.

Оған Кинематография агенттігінің директоры Фирдавс Абдухоликов, Түрксой ұйымының бас хатшысы Султан Раев, Әзірбайжан Мәдениет министрінің кеңесшісі Орхан Фикретоғ, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Кино департаментінің бас директоры Эркин Йылмаз, «Түркменфильм» басшысы Арслан Ээбердиев, «Татаркино» киностудиясының жетекшісі Миляуша Айтуғановалар да қатысты. Форумда «Узбекфильм» киноконцерні жанынан Түркі халықтары кинематографистер одағы құрылып, бірқатар меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.

Салтанатты шара соңында түркі тілдес халықтардың белгілі өнерпаздарының қатысуымен «Бауырластық өнері» атты концерттік кеші ұйымдастырылады.