Ташкентте алғаш рет ItConf.Asia форумы өтеді
Форумның негізгі тақырыптары маркетинг, инвестициялық және цифрлық білім жайында болмақ
Қазіргі таңда әлемнің 70 пайызынан астам адамзат баласы бүгінгі әрбір атқан таңын ақпараттық технология құралдарынсыз немесе өз жұмысын осы саласыз елестете алмайтын дәуірде өмір сүріп келеді.
Цифрлық технологияның даму ғасырында өмір сүргендіктен бұл мүмкіндіктерді әркім өз пайым түсінігіне орай жеткен ақылының мүмкіндігінше пайдаланып, одан нәпақа тауып келеді. Ал сіз осы саладағы мүмкіндігіңіз қай дәрежеде? Одан қаншалықты деңгейде пайдаланасыз? Осы сұрақтарға жауап алғыңыз келсе 16-шы қараша күні Ташкенттегі «Жастар шығармашылық сарайыныда» өтетін халықаралық «ItConf.Asia» форумына келіңіз.
Мұндағы форумның негізгі тақырыптары маркетинг, инвестициялық және цифрлық білім жайында болмақ. Ал оларды, осы салада тынымсыз ізденістер мен талмай еңбек жасап келе жатқан Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ-тан келген кәсіптік мамандар айтатын болады.
Олар қазіргі заманғы цифрлық білім, жасанды интеллект, интернет-коммерция және blockchain технологиясы, маркетингтік сараптама туралы өз ойларымен бөліседі және инвесторлар мен инвесторларды табу үшін жаңадан құрылған компаниялардың алдында тұрған қиындықтарды талдайтын болады.
Айта кеткен жөн бұл форум Ташкентте алғаш рет өтіп жатыр.