Ташкентте алғаш рет денсаулық сақтау және фармацевтика саласында өзбек –түрік бизнес форумы өтуде
Түркияның «Kanimed saglik gozumlari» компаниясы Өзбекстанның бірнеше қалаларында лабораториялық диагностика орталықтарын құруға 100 млн доллар инвестиция салған
Өзбекстанда «денсаулық апталығы» аясында алғаш рет денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы өзбек-түрік бизнес-форумы өтуде.
Атаулы шараға Түркия денсаулық сақтау министрі Фахруддин Қовжа мырза бастаған делегация құрамы қатысуда. Екі ел арасындағы алғашқы форумның Ташкентте өткізуге осы жыл ақпан айында Стамбулда өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросының отырысында келісіп 2019-2020 жылдарға арналған «Жол картасынада» қол жеткізген еді.
Қазіргі күнде Өзбекстан-Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстар өте жоғары деңдейде болып, осы жаз айында Түркияның Медициналық университетімен бірге Бұхара мемлекеттік медицина институтының базасында атаулы университеттің филиалы ашылып, қазірде онда 130-ға жуық студент білім алуда.
Сондай-ақ, Түркияның «Kanimed saglik gozumlari» компаниясы Терміз, Наманган, Әндіжан мен Ташкент қалаларында 70 миллион доллар қаржыны құрайтын лабораториялық диагностика орталықтарын құрумен қатар жекеменшік ауруханалар салуда 30 млн доллар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.
Шара соңынан түрік делегаттарын Өзбекстанның кешегі тарихы мен мәдениетін меңзеуші ежелгі қалалары Самарқанд және Бұхара қалаларына сапар ұйымдастыру жоспарланған.