Ташкентте 9 мамырға орай көркем көрме ұйымдастырылды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкенттегі Фотосуреттер үйінде 9 мамыр – Еске алу және қадірлеу күніне орай «Отан тыныштығы мен гүлденуі жолындағы ерлік ұмытылмайды» ұранымен дәстүрлі көркем көрме ашылды.
Көрме Өзбекстан Көркемсурет академиясы, Өзбекстан Суретшілер одағы және Ташкент Фотосуреттер үйінің бірлескен ұйымдастыруымен өтуде. Онда кескіндеме, графика және фототуындылар жұртшылық назарына ұсынылған.
[gallery-23252]
Экспозицияда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың фотосуреттерімен қатар, әр күнмен бірге алыстап бара жатқан қымбат жандардың, естен кетпес күндер бейнесі мен естеліктері көрініс тапқан сюжеттер, өткен дәуір тұлғаларының портреттері мен жақын тарихта жасалған натюрморттар орын алған.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА