Ташкентте 38-Халықаралық информатика олимпиадасы өтеді
Биыл 9–16 тамыз күндері Ташкент қаласында 38-Халықаралық информатика олимпиадасы өтеді. Осыған орай Халықаралық комитет мүшелері Өзбекстанның дайындық үдерістерін бағалау мақсатында Ташкентке келді.
Комитет мүшелері жарыс өтетін Central Asian Expo Uzbekistan халықаралық көрме орталығын, олимпиада қатысушылары орналастырылатын Жаңа Өзбекстан аумағындағы 12 қонақ үйді және Конгресс-холл нысандарын аралап көріп, техникалық инфрақұрылымға қатысты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ Халықаралық комитет мүшелері Өзбекстан Республикасы Цифрлық технологиялар министрлігіде болып, IOI–2026 бойынша елдің дайындық деңгейіне қатысты ұсынылған баяндамамен танысты.
Кездесу барысында салада қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ шетелдік ІТ-компаниялар үшін елімізде жасалған мүмкіндіктер туралы мәлімет берілді.