Ташкентте 34 жасты жүкті келіншек коронвирустан қайтыс болды
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше қазір елдегі індеттен көз жұмғандар қатары 122-ге жеткен
«Koronavirus Info» ресми ақпараттық арнасының хабарлауынша 16-21 шілде аралығында пневония, өкпе қабынуы және қаназдық диагнозымен емделген жүктілігінің 27 апталығындағы Ташкенттік 34 жасар келіншек жүрек қан-тамыры жеткіліксіздігі және өкпе қабынуынан қаза болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше қазір елдегі індеттен көз жұмғандар қатары 122-ге жеткен. Вирус жұқтырғандар саны 21 506 кісіні құраса, 11 674 азамат бұл індеттен сауығып үйіне оралғандар қатарында екені айтылған.