Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте 1902 жылғы алтын монетаны 100 мың долларға сатпақ болғандар ұсталды
11:18 / 2023-06-07

Ташкентте 1902 жылы шығарылған алтын монетаны 100 мың долларға сатпақ болған адамдар қолға түсті.

Бас прокуратура жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, азамат А.Т. және тағы басқалар 1902 жылғы салмағы 32,22 грамм болатын 1 дана «Николай-2» алтын монетасын 100 мың АҚШ долларына сату кезінде заттай айғақтармен ұсталды.

Мәдени мұра агенттігінің қорытындысына сәйкес, бұл алтын монетаның қазіргі құны 1 миллиард сумды құрайды.

Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 177-бабы (валюта құндылықтарын заңсыз иемдену немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.