Ташкентте 1 сәуірден бастап қоғамдық шаралар тоқтауы мүмкін
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, халықтың денсаулығын қорғауды одан әрі күшейту мақсатында Ташкенттегі көпшілік жиналатын шаралар кезінде карантиндік талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі.
Індеттің жаңа штамдарының таралуын болдырмау жөніндегі Ташкент қалалық штабының отырысында Ташкентте үйлену тойлары, мереке мен рәсімдерді өткізу жөнінде Республикалық арнайы комиссияның шешімдерінде белгіленген талаптар мен карантиндік талап, санитарлық-гигиеналық ережелердің қатаң сақталуына бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Ташкент қалалық штабы спорттық жарыстарды көрерменсіз өткізу бойынша тиісті шаралар қабылдап, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда Республикалық арнайы комиссияға қоғамдық іс-шараларды осы жылдың 1 сәуірінен бастап тоқтату туралы ұсыныс енгізуге келісілді.