Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкенттің «Локомотив» клубына жаңа бапкер тағайындалды
12:05 / 2022-08-25

Екі рет «Азияның үздік ойыншысы» атанған (2008 және 2010 жылдары) Сервер Джепаров Ташкенттің «Локомотив» клубына бас бапкер болып тағайындалды.

«Сервер Джепаров осы уақытқа дейін клубтың спорттық директоры қызметін атқарды. Енді «Локоның» нәтижесіне Сервер Решатович жауапты болады. Оған бапкерлік штабта Мирко Еличич жақыннан көмектеседі», - делінген «Локомотив» ПФК хабарламасында.

39 жасты футбол маманы «Локода» жұмысқа кіріспес бұрын, аз уақыт Өзбекстан жасөспірімдер құрамасында бас бапкер ретінде жұмыс істеген.

Бұған дейін «Теміржолшылар» басшылығы команданың көңіл көншітпейті нәтижелеріне байланысты Денис Коростиченконы қызметінен босатқан еді.

Суперлиганың 16-шы туры қорытындысы бойынша «Локомотив» 17 ұпаймен турнир кестесінде 10-шы орында келеді.