Ташкентке Уханьнан коронавирусты емдейтін құрылғылар әкелінді
17 сәуір күні Қытайдан медициналық мамандардан құралған 15 кісілік топ Өзбекстанға коронавирустық індетке қарсы күресте көмектесу үшін келген
Қытайдың Ухань қаласында коронавирустық аурулары арасында өкпе ауруларын емдеуге өте үлкен көмегі тиген электронды КТЭА құрылғыларының 4 жиынтығы Ташкентке әкелінді.
Бұл құрылғылар Ташкентте науқастарды емдеуде тегін пайдаланылатын болып, оны Иновациялық денсаулық сақтау Ұлттық палатасы Бейжіңнің «Bei Jing Hong Tian Li Fhamaceutical Co.Ltd» компаниясымен ынтымақтастық жасай тұрып әкелген.
Қытайдың өмір және денсаулық сақтау қауымдастығы директорының орынбасары Чен Хинпиннің айтуынша, бүгінде Бейжіңдегі көптеген ауруханалар KTЭA құрылғыларымен жабдықталған. Қазірде жергілікті дәрігер мамандар пайдалануда қытайлық әріптестермен «WeChat» желісі арқылы бейнебайланыс арқылы сөйлесіп атаулы құрылғыдан пайдалануда қажетті кеңестерін алуда.
Еске сала кетсек, 17 сәуір күні Қытайдан медициналық мамандардан құралған 15 кісілік топ Өзбекстанға коронавирустық індетке қарсы күресте көмектесу үшін келген еді.