Ташкентке төрт вагонды 2 метро пойызы әкелінді
Ташкент қаласындағы метрополитен қызметін нығайту және жолаушылар тасымалын арттыру мақсатында жаңа заманауи төрт вагонды 2 метро пойызы әкелінді.
«Ташкент метросы» мәліметінше, бағыттар бойынша уақыт аралығын одан әрі қысқарту мақсатында аталған көліктер белгіленген нұсқаулық бойынша 8-10 күн техникалық сынақтан өткізіліп, одан кейін жолаушыларға қызмет көрсету үшін шығарылады.
2024 жылдың мамыр айында тағы 3 метро пойызын әкелу жоспарланған. Осы жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде метрополитеннің вагон парктерін жаңартуға және белгіленген уақыт аралығын одан әрі қысқартуға қол жеткізу көзделген.