Ташкентке «Синовак» вакцинасы әкелінді
13 қазанда Ташкентке Қытайдың «Синовак» вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.
Бұған дейін, Түркия үкіметі тарапынан Өзбекстанға достық пен ізгі ниет белгісі ретінде COVID-19 індетіне қарсы Қытайдың «Синовак» вакцинасын жеткізу туралы хабарланған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 13 қазанда Ыстамбұл-Ташкент рейсімен елге «Синовак» вакцинасының 200 мың дозасы мен 20 мың қорап «Фавипиравир» препараты жеткізілді.
Өзбекстан мен Түркия үкіметтері арасындағы медициналық көмек гранты туралы келісім бойынша енгізілген «Синовак» вакцинасы елге импортталған алтыншы вакцина болып табылады.
Осылайша, республикадағы жалпы вакцина қоры 28 673 528 дозаға жетті.