Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентке Қытайдан 20 электробус әкелінді
08:31 / 2022-02-04

Ташкент қаласына Қытайда шығарылған 20 электробус қоғамдық көлігі әкелінді.

«Тошшахартрансхизмат» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкентке Yutong Bus Co. Ltd. компаниясының экологиялық таза, ыңғайлы және барлық жағынан заманауи үлгідегі «ZK6126BEVG» маркалы 20 электробусы әкелінген.

Сондай-ақ электробустарды қуаттайтын 10 құрылғы қоса сатып алынған. Қазірге дейін Ташкент қаласында 6 электробус әкелінген еді. Атаулы маршруттарды бағыттарға бөлу, электробустардың техникалық жағдайын зерделеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, оған жалпы 56 қызметкер жұмылдырылған.

Хабарда айтылуынша, жақын арада осынау жаңа, заманауи әрі ыңғайлы электробустар қала көшелерінде жолаушыларды тасымалдайтын болады.