Ташкентке Pfizer/BioNTech вакцинасының кезекті партиясы әкелінді
25 қазанда АҚШ тарапынан гуманитарлық көмек ретінде берілген 273 780 доза Pfizer/BioNTech вакцинасы Өзбекстанға жеткізілді.
ДСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанға әкелінген және ел аумағында өндірілген вакцина көлемі 35 225 138 дозаны құрауда.
Олардан:
- 720 500 доза - Спутник V,
- 1 594 480 доза - AstraZeneca,
- 23 933 818 доза - ZF-UZ-VAC2001,
- 3 000 060 доза - Moderna,
- 2 000 280 доза - Pfizer/BioNTech,
- 1 976 000 дозасы - Синовак вакцинасы.
26 қазан күнгі ақпартқа сай Өзбекстандағы азаматтарды вакцинациялау процесінде 25 297 345 доза екпе жасалған.