Ташкентке 1 миллион доза ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы жеткізілді
2021 жыл 5 тамыз күні Қытайдан Өзбекстанға 1 миллион доза өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы әкелінді.
ДСМ-нің хабарлауынша, «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd компаниясының Өзбекстанда 3-кезеңдік сынақтардан сәтті өткен өзбек мамандары бірлесіп жасаған 1 миллион доза ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы Қытайдан әкелінді.
Осылайша, елдегі вакциналардың жалпы қоры 13 млн 580 мың 60 дозаға жетті.
Олардан:
- 370 мың доза Спутник V,
- 710 мың доза AstraZeneca,
- 9,5 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,
- 3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.