Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентке 1 миллион доза өзбек–қытай вакцинасы жеткізілді
19:19 / 2021-03-27

27 наурызда Қытайдан Өзбекстанға 1 миллион доза ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы әкелінді.

ДСМ-нің хабарлауынша, «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd компаниясының Өзбекстанда 3-кезеңдік сынақтардан сәтті өткен өзбек мамандары бірлесіп жасаған 1 миллион доза ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы Қытайдан әкелінді.  

Ақпан айында Өзбекстан мен Қытай жаңа вакцинаны бірлесіп әзірлеу және қолдану туралы уағдаласқан болатын. Ол 2021 жылы 1 наурызда коронавирустың жаңа түріне қарсы ZF-UZ-VAC 2001 рекомбинантты (CHO cell) вакцинасы медициналық практикада қолдану үшін тиісті түрде тіркеуден өтті.

Қазіргі кезде елде вакцинацялау жағдайына елде 3138 вакцинация пункті мен 862 мобильді топ вакцинация процесін бастауға дайын. ЮНИСЕФ вакциналарды аймақтарға тасымалдау және жеткізу үшін 17 салқындатылған жүк көлігі мен 206 Miniven-Labo көлігін берген.

Еске салар болса, 17 наурызда COVAC бағдарламасы аясында коронавирусқа қарсы 660 мың дозалы AstraZeneca вакцинасының алғашқы партиясы Өзбекстанға әкелінген еді. Жоспар бойынша COVAX қоры есебінен Өзбекстанға AstraZeneca вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын жеткізу көзделген.