Ташкентегі Орталық Азия мемлекет басшыларының Косультативтік кездесуі аяқталды
Орталық Азия мемлекет басшыларының Косультативтік кездесуінің екінші жиыны өткен соң Президенттер Көксарай резидентциясындағы Құрметті қонақтар саябағына көшет отырғызды.
Осыдан кейін Мемлекет басшыларының Ташкентке жасаған жұмыс сапарына арнайы Өзбекстан Республикасы Президентінің атынан салтанатты ресми қабылдау рәсімі өтіп, бұл бүгінгі шараның тиімді Консультативтік кездесуі аясындағы тұтас пікір алмасудың мазмұнды жалғасы болды.

Салтанатты ресми қабылдау рәсімінен соң Орталық Азия елдерінің басшылары Ұлы ел және саясат көшбасшысы Өзбекстанның тәуелсіздігі мен жаңа мемлекеттілігінің негізін қалаушы ұлы тұлға Ислам Каримовтың ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Осымен Оратлық Азия мемлекет басшыларының Ташкентке жасаған сапары аяқталды.




Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.