Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент жер үсті метросының жылдамдығына шектеу қойылды
09:40 / 2022-06-28

Температураның көтерілуіне байланысты Ташкент жер үсті метросы желісінің жылдамдығына шектеу қойылды.

Температураның күрт көтерілуіне байланысты пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ташкент метросының барлық жер үсті станцияларында жүретін пойыздардың жылдамдығы сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін төмендетіледі, делінген метрополитен әкімшілігінің хабарында.

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта Өзбекстанда температура 45 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясының басшылығы ел аумағындағы қалыптан тыс ыстық ауа-райына байланысты пойыз қозғалысына шектеу қойған болатын.