Ташкент жер үсті метросының тағы 5 станциясы пайдалануға берілді
Ташкентте жер үсті айналма метро желісінің II кезеңі аясында аяқталған 5 станцияда жолаушылар тасымалы басталды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, «Қойлық және Құрылысшылар» учаскесінде салынып біткен 5 станцияның жалпы ұзындығы 7,74 шақырымды құрайды.
Осылайша Ташкент метросының станцияларының жалпы саны 48-ге жетті. Жер үсті метрополитені құрылысының екінші кезеңі аяқталса, Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 километрден асып, ал станциялар саны 50-ге жетеді.