Ташкент халықаралық әуежайында жаңа жүк терминалы салынады
Ташкенттегі халықаралық әуежайда 5,2 гектар аумақта орналасатын қуаттылығы жылына 120 мың тонна жүкті құрайтын жаңа кешен салынады. Қазіргі таңда екі кезең бойынша салынатын жүк терминалының жобасы аяқталды.
Бірінші кезеңде осы жылдың соңына дейін жалпы ауданы 8 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жүк терминалы, оның ішінде белгілі бір температуралық режимді сақтауды қажет ететін жүктерге арналған 500 шаршы метр мұздатқыш камералар пайдалануға беріледі. Сондай-ақ импорт/экспорт компанияларының қызметкерлері мен өкілдері үшін ауданы 3 мың шаршы метр жаңа әкімшілік ғимарат салынады.
Екінші кезеңде 2025 жылдың соңына дейін ауданы 12 мың шаршы метр жаңа жүк қоймасын салу және пайдалануға беру жоспарланған.
«Жаңа терминал заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, жүктерді өңдеу уақытын қысқартып, жалпы халықаралық стандарттарға сәйкес әуе тасымалдаушыларына сапалы қызмет көрсетеді», - делінген «Uzbekistan Airports Cargo», деген ЖШС жауапты қызметкері.