Ташкентке келген жолаушылар енді көлікті тікелей әуежайдан жалға алу мүмкіндігіне ие болды.
Uzbekistan Airports хабарлауынша, автокөлікті жалға беру Europcar брендті компания 20 мамырда жұмысын бастады.
Аумағы 8 шаршы метр болатын орын «E-auksion.uz» электронды платформасында сатылымға шығарылған еді. Қызмет Ташкент халықаралық әуежайының ұшып кету залынан шығарда орналасқан.
Көлікті жалға алу үшін әуежайға келген жолаушы Europcar кассасына барып, жеке төлқұжаты мен жүргізуші куәлігін көрсетуі керек. Осыдан кейін ол Europcar.com, Expedia.com, EconomyBookings.com онлайн платформаларының бірі арқылы көлікті таңдап, келісім-шарт жасап, депозитті немесе жалға алу ақысын толығымен төлеп, тіркеу аяқталғаннан кейін автокөлікті алып кетуіне болады.
Компанияның автопаркінде жолаушы отандық немесе шетелдік автокөлікті, сонымен қатар электромобиль немесе бензинмен жүретін көлікті таңдай алады. Айта кету керек, мұнда шығарылған жылы төрт жылдан және жүрісі 80 мың шақырымнан аспайтын көліктер беріледі. Көліктер осы көрсеткіштердің біріне жеткенде, жүйеден алынады.