Ташкент халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
2022 жылдың 2-4 қарашасы аралығында Ташкент халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің Telegram-каналындағы хабарламаға сәйкес, «Tashkent Book Fest» 3-ші Ташкент халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі «УЗЕКСПОМАРКАЗ» кешенінде өтуі жоспарланған.
Атаулы шарада кітап оқу және оқу мәдениетіне арналған іс-шаралар, шетелдік және отандық кітап өнімдерімен таныстыру, жаңа туындылардың тұсаукесері, жазушы, ақын және сала мамандарымен дөңгелек үстел, семинар, шеберлік сабақтары мен тренингтер өтеді.