Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент халықаралық кинофестивальі басқа уақытқа ауыстырылды
10:53 / 2024-09-15

«Жібек жолының Жауһары» XVI Ташкент халықаралық кинофестивалі басқа уақытқа ауыстырылды.

Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушыларының веб-сайтында хабарланды.

Хабарламада айтылуынша, 15-19 қыркүйек күндері Ташкент қаласында өтуі жоспарланған кинофестиваль басқа күнге шегерілді. 

Бұл шешім ел аумағында футзалдан әлем чемпионаты, халықаралық форумдар мен конференциялар сияқты басқа да ауқымды іс-шаралардың өткізілуімен байланысты екені айтылған. 

«Кинофестивальдің байқау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдануы тоқтатылғанына қарамастан (60-тан астам елден 400-ден астам фильм), шетелдік қатысушылардан сұраныс жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Кинофестиваль ұйымдастырушылары фестивальдің өтетін жаңа мерзімі туралы әзірге ақпарат бермеген.